29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мешіт молдаларына шешендік өнерді меңгеру міндеттелді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар Кеңесінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты жұмысының есебін тыңдау барысында осылай мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда ҚМДБ жанындағы институтымызда имамдарға қазіргі заман талабына сай, психология, информатика, дін мен дәстүр, Қазақстан тарихы, этнография, т.б. пәндерден дәріс жүргізіледі. Біз имамдардың дәріске қатысуына, олардың мінез-құлқына, сабаққа деген ынтасына назар аударамыз», – деді имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының директоры Кенжеәлі Мырзабаев.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін қызметкерлерінің негізгі пәндерден бөлек шешендік өнерді меңгеруіне де аса мән беру қажеттігін сөз етті. «Біздің имамдар халықпен тікелей жұмыс істейді. Уағыз-насихат айту да шешіндік өнерді талап етеді. Бұл пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын), кешегі би-шешендерімізден, ақын-жырауларымыздан қалған үлкен өнер. Сондықтан дін қызметкері бұл өнерді жетік меңгеруі тиіс», – деді ҚМДБ төрағасы.

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесі Бас мүфти бастамасын қолдап, бірауыздан дауыс беріп, Ислам институтына шешендік өнер пәнін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бүгінде дін қызметінде жүрген ауыл аймақтан келген 80 молда білімі мен тәжірибесін арттыру мақсатында Алматыдағы ҚМДБ жанындағы Ислам институтында теолог-ғалымдардан, профессор-ғалымдардан дәріс алуда.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: