17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Алматыда VI Республикалық Құран жарысы өтеді

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 28-29 мамыр күндері Алматы қаласы «Байкен» мешітінде VI Республикалық Құран жарысы өтеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Әр өңірден өкіл имамның ұсынуымен 3 үміткер қабылданады.

- Жарыс 30 параны толық жаттаған қарилар арасында өтеді.

- Жарысқа қатысушылардан өзі қатысатын өңірде тіркеуде тұрғандығы жайлы мекен-жай анықтамасы талап етіледі.

- Жарысқа 30 жастан аспаған Қазақстан Республикасының ер азаматтары ғана қатыса алады.

- Жарысқа қатысуға үміткерлерді тіркеу мамыр айының 25-не дейін жалғасады.

- Жарысқа қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады, оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралады.

- Жарыс жеңімпаздары құнды жүлделермен марапатталады.

Бәйгенің басты жүлделері:

1 орын – «Hyunday» автокөлігі

2 орын – « Daewoo Nexia» автокөлігі

3 орын – «Лада Приора»  автокөлігі

4 орын – Қажылық

5 орын - Умра

Жарыстың өтетін орны мен уақыты:

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Байкен» мешіті. Розыбакиев пен Жандосов көшелерінің қиылысы. 28-29 мамыр.

Анықтама телефондары:

+7 (702) 859-26-08 Дүйсебаев Нұрболат;

+7 (702) 201-07-02  Көкенай Саясат;

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

Бөлісу: