30
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Алматыда VI Республикалық Құран жарысы өтуде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен бүгін Алматы қаласындағы «Байкен» мешітінде «VI Республикалық Құран жарысы» басталды» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Республикалық сайысқа әр өңірден өкіл имамның ұсынуымен 3 үміткерден қабылданды. 30 параны толық жаттаған қарилар арасындағы аламанда қатысушылардың  оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті қазылар тарапынан бағаланатын болады. Бұған қоса оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) да сұралып, үміткердің үздігі анықталмақ.

Қасиетті Құран аяттарынан білімі мен бағын сыналатын қарилар конкурсы бүгін 17:30-ға дейін жалғасады. Ал қорытындысы  ертең сағат 09:30 анықталып, 13:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: