28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Al Hilal» Ислам банкі басшыларымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Біріккен Араб Әмірлігінен келген «Al Hilal» Ислам Банкінің басшылық құрамы Доктор Махмуд Убадаһ, Икрам Рахман, Шоев Махмадрузимен кездесті. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қос тарап «Al Hilal» Ислам банкі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның маңызы жайы салмақты сөз қозғады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ислам банкімен әріптестік, достық қарым-қатынас пен барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

«Al Hilal» Ислам банкі еліміздегі  2010 жылы тұсауын кесіп, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет етіп келеді.

Қазіргі уақытта «Al Hilal» Ислам банкі мемлекеттік, квази-мемлекеттік және ірі жеке компаниялармен қарым-қатынас орнатып, ірі инфрақұрылымдық және корпоративтік жобаларды инновациялық Исламдық қаржыландырумен айналысып келеді. Болашақта жеке тұлғалар үшін арнайы Исламдық банк өнімдерін ұсыну жоспарлары да бар.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: