28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Елбасы өмір жайлы өз ойымен бөлісті

Ел іші
Жарнама

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың «жасыл белдеуін» құрайтын орман алқабын аралап, желекті аймақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Кешегі тал-теректің тамыры бекіп, орманды өлкеге айналғаны – өткен істің ізгіліктен жемісті нәтижесі. Елбасы алқапты аралап шығып, журналистерге өмір жайлы өз ойымен бөлісті. «Мен аз өмір сүрген жоқпын, яғни өмірлік тәжірибеме қарап, өмірдің мәні туралы ойлай беру құр бекер іс. Өмірдің мәнін Жаратушымыз туғанымызда біздің генімізге салып берген», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы өмірдің мәні жайында көп ойлана беруде емес екенін, әрбір адам үшін жақсы өмір сүріп, ел игілігі үшін адал еңбек ету – өмірдің мәнін арттыратынын айтты.

«Біз әрқашан өткенмен өмір сүрудеміз, яғни «нені дұрыс істемедік?» дегенді ойлаумен боламыз. Немесе, болашақты ойлап, «он жылдан кейін не болады?» деп ойға түсіп жатамыз. Ал оны кім біледі?Біздің планета галактиканың бір бөлігі ғана. Адамның басына келетін неше түрлі ой бар. Оның барлығын ойласаң, өмір сүре алмайсың. Алла бізге жан берген кезде қашан бақилық болатынымызды ешкімге айтқан жоқ. Оны білетін болсақ, өмірдің өзі сұмдық болар еді» деген Елбасы адамзаттың Жаратушы Алла тағаланың алдындағы парызы жайында ой өрбітті.

«Барлық діндерде Жаратушы иемізге құлшылық ету жайында айтылған. Өкінішке қарай, барлығы құлшылықты орындап жатқан жоқ. Өмірдің мәні - жақсы өмір сүріп, жақындарың мен достарыңды жақсы көріп, Отаныңды сүю және балалардың болашағына жағдай жасау!»  деп Мемлекет басшысы сөзін аяқтады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: