20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Жаратқанның жаңбыры қастандыққа жол бермеді

Жаһан
Жарнама

Жаратқанның жаңбыры қастандыққа жол бермеді.

Тұманды Альбионда кезекті исламофобиялық шабуыл сәтсіз аяқталды.

Лондон орталық мешітін белгісіз біреулер от қойып, өртемек болған. Finsbury Park бейнебақылау камерасына жұма күні кешкі сағат 20:25-те мешітті бір адамның өртемекке әрекеттеніп жатқаны жазылған.

Осыдан соң мешіт маңынан бензин құйылған ыдыс пен өртелген қағаздар табылды. Алайда мешітті бензинмен отқа орамақ болған қаскөйлердің қастандығы іске аспады. От қойылған уақыттан көп ұзамастан-ақ Тұманды Альбион аспанына бұлт үйіріліп, жаңбыр селдетті.

Скотланд-Ярд полициясы өрт қою әрекетін діни, нәсілшілдік жеккөрушілік себебінен болғанын растап отыр.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: