20
Сейсенбі, Тамыз

һижри

Ата-аналар мектептегі анайылыққа қарсылық білдірді

Жаһан
Жарнама

Бірнеше ата-аналар тобы Эстония үкіметінен мектептегі біржыныстылықты насихаттауды тоқтату туралы талаптарын қойды, деп жазады Postimees басылымы.

«Эстон мектептері мен балабақшаларында мұндай арсыздыққа жол жоқ. Отбасы ер мен әйелден тұруы керек, басқалай болуы мүмкін емес» дейді шеруші ата-аналар.

Ата-аналардың айтуынша, адамшылыққа жат қылықтардың бала психикасына зияны орасан. Оны дер кезінде тоқтатпаса салдары қоғамға қауіп төндіреді.

«Біз бұның үлкен көрінісін батыс елдерінен байқап отырмыз. Біржынысты неке қазіргі күні Батыста мәдениет түріне айналып кеткен. Қалыпты адамдар дәстүрлі отбасы туралы айта алмайтын жағдайға жетті, себебі бұл әлгі топ өкілдерін кемсіткенмен бірдей екен. Тіптен, балаларын осы тақырыптары сабақтарға қатысуға жібермеген ата-аналарды түрмеге жапқан уақиғалар да орын алуда. Христиандағы, исламдағы біржыныстылық деген ақылға сыйымсыз түсініктерді қалыптастырып,  балаларға осыған қатысты ойындар, кітаптар, ойыншықтар мен мультфильмдерді ұсынып, трансгендердік саясат, тағаттылық пен төзімділік атынан оларға дауыс беріп, қолдату... Мұның барлығы – өте қорқынышты. Бізде эстон мұғалімдеріне осындай жол көрсетуші «Адам құқықтары жөніндегі» батыс кеңесшілеріне ешбір сеніміміз жоқ» дейді ата-аналар. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: