23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Мұхамед Әли Трампқа қарсы тұрды

Жаһан
Жарнама

Аты аңызға айналған америкалық боксшы Мұхамед Әли АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу туралы бастамаға қарсы шықты.

Мұндай мәнсіз мәлімдемені АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамп айтқан болатын.

Мұхамед Әли сөз иесінің атын атамағанымен, келеңсіз жайтқа жайбарақат қарай алмайтынын жеткізді.

«Біз – мұсылмандар, ислам дінін өз саяси мақсатын іске асыру үшін пайдаланатындарға қарсы тұруымыз керек» деді М.Әли.

Бокс жұлдызы зорлық-зомбылық ұғымы ислам дінімен үйлеспейтінін, саяси тұлғалар діннің мәнін қоғамға бұрмалай жеткізуі тиіс екенін атап айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Дональд Трамп АҚШ территориясына мұсылмандарды кіргізбеу туралы бастама көтерген болатын. Оның бассыз бастамасы саясаткердің шыққан елі – Шотландияның бизнес ісі жөніндегі елші лауазымынан ажыратты. Сонымен қатар, Д.Трамптың өз партияластары да мұндай мәлімдемеге қосылмайтындықтарын жариялады. Бұған қоса, күні кеше ғана Ақүй тарапынан оны АҚШ президенттігіне үміткерлігінен алып тастау туралы ұсыныс тасталды.

Ал аспан асты елінің 200 мыңнан аса тұрғыны петицияға қол жинап, Дональд Трамптың Ұлыбританияға кіруіне тыйым салуды талап етті. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: