18
Бейсенбі, Шілде

һижри

«Көк мешітті» 99 жылға сыйға тартты

Жаһан
Жарнама

Ереван «Көк мешітін» Иран еліне сыйлады. Бұл жайында Армения үкіметі өкілдері мен Иран елшілігі ұзақжылғы келіссөздер нәтижесінде ортақ ұйғарымға келгенін мәлімдеді, деп жазады «Интерфакс» агенттігі.

Енді Тегеран бұл мешітті 99 жыл пайдалануына толық құқылы. Сондай-ақ, оның 7 мың шаршы метр аумағы да Тегеранға тиесілі. Алдын ала жоспар бойынша осы аумақта мәдени орталық салынбақ. Осындай ерекше мазмұндағы жаңалықты Армения Мәдениет министрі Асмик Погосян хабарлады.

Сонымен қатар, Армения аталмыш мешітті қозғалмайтын тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тіркеуіне алғаны  белгілі болды.

Айта кетсек, «Көк мешіт» Эриван хандығын билеген Гусейнали Каджар ханның әмірімен 1766 жылы тұрғызылған. Мұнаралары мен діни құрылымдарынан бөлек мұнда құлшылық залы, медресе және кітапхана бар. Кеңес заманы тұсында кешен планетария ғимараты ретінде қолданылған. Қазіргі уақыта мешіт Армениядағы иран қауымдастығының ең басты мәдени орталығы саналады. 1999 жылы ғибадат кешені Иран тарапынан жүргізілген қайта өңдеу жұмыстарынан соң ел игілігіне берілді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: