16
Сәрсенбі, Қазан

һижри

Басрада әлемнің ең биік ғимараты бой көтереді (ФОТО)

Жаһан
Жарнама

«Қалыңдық» аталатын әлемнің ең биік ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады. Дубайдағы Бурж Халифа мен Сауд Арабиясындағы құрылысы әзір аяқталмаған Король ғимараты әлемнің ең биік үйі мәртебесінен ажырағалы тұр, деп жазады Business Insider.

Айта кетейік, Дубай ғимараты 828 метрді құраса, Джиддадағы ғимараттың биіктігі шамамен 1 шақырым. Ал Ирактың «Қалыңдығы» – 1152 метр.

Басра провинциясындағы зәулім кешен жобасында төрт ғимарат құрылысы жоспарланған. Құрылыс алаңы 1,55 млн шаршы метрді қамтиды.

«Қалыңдық» құрылысы қазірдің өзінде «тік тұрғызылған қала» атауына ие болды. Бұл жоба провинцияның жайылу шегін қысқарту мақсатында әзірленген. Басра кешенінде қонақ үйлер, кеңсе ғимараттары, сауда орталығқтары мен бау-бақша, тіптен өзінің жеке теміржолы да бар көрінеді.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: