30
Дүйсенбі,
Наурыз

һижри

Анджелина Джоли ауған қыздарын оқытады

Жаһан
Жарнама

Белгілі кино әртісі Анджелина Джоли «Кормилец» анимациялық фильм түсірілімен түскен табысын ауған қыздарының білім алуына арнады.

Аталмыш фильм 2017 жылы жарыққа шығады деп жоспарланған. Жоба продюсері Нор Твом жазушы Дебор Эллистің романы желісінде түсірілетін туынды ағылшын тілінде ғана емес,  сондай-ақ дари, пушту тілдерінде жарық көретінін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Анджелина Джоли бірнеше жылдан бері БҰҰ ерікті мүшесі ретінде Ауғанстанда екі рет қызметтік сапар жасаған. Ол сондай-ақ  солтүстік Африка елдеріндегі әйелдер мектебін тұрақты түрде қаржыландырып келеді.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: