29
Жұма,
Наурыз

һижри

Қырғыз президенті: Бар бүлік – білімсіздіктен

Жаһан
Жарнама

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев террористік және экстремистік ұйымға өз еріктерімен қосылған адамдарды азаматтықтан айыруды ұсынды. Бұл жайында ол Бішкекте өткен жылдың қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Оның сөзінше, қазіргі күні Қырғызстанның 400-500-ге жуық азаматы ИШИМ және осы секілді террористік ұйымға еніп кеткен. «Мәселе олардың ол жаққа кетуінде ғана емес, елге қайта оралуында. Франция Париж терактісінен соң өз Конституциясына өзгерістер енгізді. Біз де мұндай азаматтарға қарсы күресті күшейтуіміз керек. Дегенмен, бүгінгі Конституциямыз бойынша, біз ешбір адамды азаматтығынан айыра алмаймыз. Бірақ, ұлттық қауіпсіздікті ойлау керек. Тек ИШИМ-мен ғана емес, дінге деген құрметсіздікпен табанды күрес жүргізуіміз қажет. Бүліктің барлығы – білімсіздіктен» деді Қырғыз басшысы. 

 ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: