28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Голливуд актері мұсылмандарға қолдау білдірді

Жаһан
Жарнама

Белгілі Голливуд актері Сэмюэль Джексон өзінің жаңа фильміне байланысты жарнама рәсімі кезінде америкалық мұсылмандарға қолдау білдірді, деп жазады New America Media.

С.Джексон қазіргі қоғамдағы исламофобиялық жағдайда мұсылмандар «жаңа қара нәсіл өкілдері» секілді күй кешкенін, сондай-ақ Сан-Бернардинодағы терактіні «қара өңділер» ұлтынан не мұсылман халқынан болмауын қалағанын жеткізді.

«Мен Таяу Шығыстан шыққан әрбір адам үшін қатты қиналамын. Сан-Бернардинода теракті болған күні мен Гавайда едім. Сіздер білсеңіздер, мен осы уақиғаға кінәлілер қара өңді ұлттан, мұсылмандардан болмауын қатты тіледім» дейді актер.

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампен гольф ойнаған Джексонның айтуынша, ол нәсілшілдік пен араздық тудырушы адам. Голливуд актері бұрындары қара өңді ұлттарға қоғам қалай қараған болса, бүгінде мұсылман халқына да сондай көзқарас қалыптасып кеткеніне өкініш білдірді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: