20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Иордания фильмі «Оскарға» ұсынылды

Жаһан
Жарнама

Иордан режиссері Наджи Абу Навардың фильмі «Үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» марапатына ұсынылды, деп хабарлайды al-Arabiya басылымы.

28 ақпан күні марапат иелері анықталатын жобада «Зиб» аталатын иордан туындысымен қатар, Колумбия, Венгрия, Дания мен Францияның киноленталары да қатар сынға түседі.

Режиссер Наджи Абу Навар өз туындысының тарихи маңыздылығын Америка киноакадемиясы да жоғары бағалайды деп санайды. Аталмыш фильм картинасында Зиб есімді бәдуилік баланың туған ағасымен бірге Осман империясының күйреуі мен 1916-1918 жж. араб көтерілісінің бастау алуы аралығындағы елін тастап, шөл далада кешкен қилы тағдыры бейнеленеді.   

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: