29
Жұма,
Наурыз

һижри

Мұсылмандар үйсіздерге қамқорлық танытты

Жаһан
Жарнама

Жаңа Зеландияның мұсылман жастары жалпы адамзатқа ортақ рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында үйсіз-күйсіз адамдарға ыстық тамақ таратып, қайырымдылық шарасын өткізді.

Аддина Хусайни, Асаяль  Альмутайри мен Рабия Муфассир есімді белсенді жастар ыстық тамақ әзірлеп, көше кезген мұқтаждарды шақырды.

«Біздің қауымдастық осындай ізгі шаралар арқылы дініміздің және өзіміздің шын мәнінде қандай екенімізді көрсететіне сенімді» дейді 18 жасар Рабия The Press басылымына берген сұхбатында.

Ыстық ас жеуге келгендердің арасында ер адамдар мен жас аналар, жасөспірімдер де болды. Ал мұсылман жастары оларға тамақ ұсынып қана қоймай, өмір жайында, сенім мен рухани құндылықтар тақырыбында сұхбаттасты. Қоғамның қалтарысында қалған мұндай орта адамдары үшін бұл шара ерекше әсер қалдырды. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: