13
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Германия 2050 жылы мұсылман еліне айналуы мүмкін

Жаһан
Жарнама

Еуропалық мамандар кәрі құрлықтағы бала туу, халық өсімі көрсеткіштеріне сүйене отырып, 2050 жылы елде мұсылмандар саны айтарлықтай көбейетінін жария етті, деп жазады rg.ru.

Қазір этникалық тегі еуропалық отбасыларда туу көрсеткіші әр отбасыға 1,3 баладан келеді, ал ұлтты 25 жылға дейін сақтап тұру үшін 2,11 бала болуы керек. Мәселен, 2011 жылы бұл көрсеткіш Францияда – 1,8, Британияда – 1,6, Германияда – 1,3, Грецияда – 1,3, Италияда – 1,2, Испанияда – 1,1 бала.

Бүгінгі күнде Еуропа елдерінің жалпы туу деңгейі әр отбасыға 1,38 сәбиден келеді. Ал дәл осы уақытта Еуропадағы мұсылман отбасыларында жағдай мүлдем басқаша. Мәселен, Францияда орта есеппен әр христиан отбасыларында 1,8 бала болса, мұсылман шаңырақтарында 8,1 бала бар. Бүгінде Францияның оңтүстік өңірлерінде шіркеулерге қарағанда мешіт саны басым түсіп отыр. Ницца, Марсель, Париж секілді қалалардағы 20 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 45%-ы мұсылман балалары. Бұл тенденция осылай жалғасатын болса, 35 жылдан соң Франция мұсылман еліне айналуы мүмкін.

Ұлыбританиядағы демографиялық жағдай да осыған ұқсас. Бұл елде мұсылман халқының саны соңғы 30 жылда 80 мыңнан 3 млн-ға артқан. Яки, осы уақыт аралығында 36 есеге көбейген! Қазір Тұманды Альбионда 1 000-нан аса мешіт бар. Олардың көпшілігі бұрын шіркеу ғимараттары болған.

Голландияда жаңа туылған сәбилердің 50%-ы мұсылман отбасыларына тиесілі. Осындай өсіммен елде мұсылманшылықтың таралуына шамамен 12 жыл жетіп артылады.

Бельгияда жаңа туылған сәбилердің 50%-ы, ал жалпы халықтың 25%-ы мұсылмандар.

Ал көптеген неміс ғалымдары 2050 жылы Германияда ислам дінінің кең қанат жаятынын бірнеше рет мәлімдеді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: