21
Бейсенбі, Ақпан

һижри

Әзербайжандық миллиардер Түркияны таң қалдырды

Жаһан
Шрифт

Әзербайжанның атақты миллиардері Мубариз Мансимов мына ісімен Түркия халқын таң қалдырған. Ол бірде қаладағы ең қымбат ресторанға барып түстеніп отырғанда, бір қарт әжей кіріп келіп мейрамхана қызметкерлерінен тамақтанып алуын сұрап өтінеді. Алайда ресторан қызметкерлері қарт әжейді бейшара санап шығарып жіберуге тырысады.

Оқиғаны сырттай ғана бақылап отырған миллиардер Мубариз Мансимов ресторан әкімшісін өзіне шақырып, әлгі қарт ананы не үшін қуып жатқанын сұрайды. Әкімші болса ресторанның қалтасы қалыңдарға арналғанын және қарт ананың қалтасы ол жердің тамағын көтермейтіндігін айтып, себебін осымен ғана байланыстырады.

Әкімшінің сөзіне көңілі толмаған миллиардер: «Қазір ресторанға келген клиенттердің барлығын шығарып, қымбат орынның есігін тек қарт әжейдің құрметіне ашқым келіп тұр. Ал, клиенттеріңіз бүгінше басқа жерден тамақтана тұрсын. Ең қымбат тамаққа тапсырыс беріңіз және қарт әжейге менің есебімнен жақсылап дастархан жайыңыз. Сонымен қатар, әжейге айтыңыз әр күнгі түскі және кешкі асын дәл осы жерде менің есебімнен іше берсін. Барлық шығынды менің көтеретінімді жеткізіңіз», - дейді. Миллиардердің мейірімді ісі қарт әжейге қуаныш сыйласа, өзгелерінің таңдайын еріксіз қаққызды. 

Иә, миллиардердің қартқа көрсеткен қайырымдылығын барша түркиялықтар мен әзербайжандықтар қуана қабылдап, әлі күнге дейін ауыздан ауызға жалғап, жүрген жерде сөз етіп жүреді. Айта кетейік, жиырмасыншы ғасырдың басында Гажи Зейналабдин есімді әзербайжандық миллионері әлгі кісі секілді олда өз есебінен Германия ресторанының бірінде әзербайжандық мұқтаж кісілерге 100 жылдық дастархан жайғызған. Оған кез-келген Әзербайжан ұлтындағы мұқтаж кісілер келіп, миллионердің есебінен ақысыз тамақтанатын болған. 

 ummet.kz-ақпарат

 

Пікір жазу

Қауіпсіздік коды
Жаңарту