25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ғалымдар: Байлық бақытқа жеткізбейді

Жаһан
Жарнама

Ұлыбританияның Стирлинг жәнеНоттингем университеті ғалымдары жоғары жалақының адам өмірін жақсартуға әсері мен бақытты етуге ықпалы қандай деген сауалдың жауабын іздеп, ауқымды зерттеу жүргізді.

Британия мен Германияның 140 мыңнан аса еріктілері аталған зерттеу жұмысына қатысты. Әртүрлі кезең сайын олар ғалымдар өмірге қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында құрған түрлі анкеталарды толтырып отырды.

Нәтижесінде, жеке адамның тұлғасынан тәуелсіз, жоғары жалақы адамның өз өміріне қанағаттануына ықпал етпейтіні белгілі болды. Жаңа жоғары жалақы адамдарға әуелден-ақ үлкен бір өзгеріс секілді әсер етпеген көрінеді. Сонымен қатар, бақытты болудың кілті еместігі де анықталды. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: