29
Жұма,
Наурыз

һижри

Әл-Харджде ай сайын 40 000 Құран қалпына келтіріледі

Жаһан
Жарнама

Эр-Риядтан 60 шақырым қашықтықта орналасқан әл-Хардж қаласында Құранды көшіру және қалпына келтіру орталығы жұмыс істейді.

Бұл орталықта айына әлем бойынша зақымдалған 40 000 кітап қайта қалпына келтіріледі. Орталық 15 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі кезде оның резервінде өңдеуді қажет ететін 2 млн кітап бар. Орталықта 18 қызметкер тұрақты жұмыс істесе, тағы 200 адам ерікті түрде көмектеседі.

Жуырда аталмыш орталыққа Эр-Рияд губернаторы ханзада Фейсал бен Бандар келіп, ұйым қызметкерлерінің еңбектерінің маңыздылығы мен мәртебесін атап өтті.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: