24
Бейсенбі,
Маусым

һижри

Голливуд жұлдызы исламға бет бұрмақ

Жаһан
Жарнама

Америкалық белгілі кино жұлдызы Линдси Лохан ислам дінін қабылдау туралы ойға түсті.

Осыдан біршама уақыт журналистер оның өзімен бірге Құран кітабын алып жүргенін байқаған. Ал жуырда киноактер БАҚ өкілдеріне өзінің рухани ізденісте екенін жария етті.

The Sun басылымы америкалық әртістің ислам дініне жіті ден қойып, мұсылман болғысы келетінін мойындағанын жазды. Линдси Лохан өз сөзінде Құрама штат тұрғындарында Құран туралы дұрыс түсінік жоқ екенін атап өтті.

Голливуд жұлдызы бұл ізденістің өзіне жаңаша серпін беріп, санасын сергітетініне сенімді. Сондай-ақ, ол соңғы кездері Құранды бастан-аяқ оқып, мағынасын түсінуді мақсат еткенін жеткізді.

«Голливудтың тентегі» аталған әртіс ұсақ бұзақылық бойынша сот ісі өткен уақытта да ислам жайында білім алуға көңіл бөлген көрінеді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: