Биылғы жылдың Рамазан айында Норвегияның Тромсе қаласының мұсылман қауымы ең ұзақ оразаны ұстап келеді.
Тромседе ауыз ашу уақыты түнге жақын кіреді десе де болғандай. Ал сәресі сағат 01:20-де бекітілуі тиіс. Айта кетсек, бұл аймақта жазғы маусымда күннің батып, таңның атуы өте шапшаң.
«Түнгі сағат 12-де күн көкжиектен асады, ал екі сағаттан соң таң ағара бастайды. Сол себепті Рамазан оразасы бізге нағыз сынақ болғалы тұр. Біз ас-судан тәулігіне 22 сағат тыйыламыз» дейді Тромсе тұрғыны Азми Арыкан.
Ал бұған дейінгі жаңалықтарымызда мұсылмандар керісінше тәулігіне 3,5 сағат қана ораза ұстайтын Вакан ауылы туралы жазған болатынбыз.
ummet.kz-ақпарат