Айя-Софияда 85 жылдан кейін азан айтылды (ВИДЕО)

Жаһан
Жарнама

Баннер

Стамбул қаласындағы тарихи Айя София ғибадатхана музейінде Қадір түніне құрметіне азан шақырылды.

Бұл мұсылман қауымы 85 жылдан бері күткен уақиға болды. Ғибадатханаға музей мәртебесін беру туралы Ататүріктің жарлығы бойынша ғасырға жуық уақыт мұнда діни рәсімдер орындалмаған.

Түрік басылымдарының хабарлауынша, Айя Софиядағы азан рәсіміне Дін істері министрі Мехмет Гермездің өзі қатысқан. Азанды Стамбул мүфтиі Рахми Яран орындады.

Еске сала кетсек, Түркия билігінің Айя София музейінде Құран оқу туралы жоспары Греция Сыртқы істер министрлігі мен елдегі православтық қауым тарапынан келіспеушіліктер тудырған еді.

 

 

{youtube}QW13sptfp34{/youtube}

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: