Бүгін Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевпен кездесті.
Жаңалықтар
«Мұнара» газеті үстел теннисінен турнир өткізді
Елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Діни басқарма делегациясы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
Бүгін Киелі Түркістан облысына ресми сапармен барған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация «Darhan Dala» жобасын қолдау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, ізгілік пен имандылықты насихаттауға сүбелі үлес қосқан ұстаз рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Наурызбай қажы Тағанұлы қарилар орталығындағы шәкірттерге насихат айтты
Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құсшы ата ауылында орналасқан «Мұхаммад Шүкір ата» мешіті жанындағы қарилар орталығындағы шәкірттермен кездесті.
ҚМДБ төрағасы Сауд Арабия елшісімен кездесті
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абдулазиз Абдулла әл-Даудпен кездесті.
Бас мүфти Елордада жаңа мешіттің қазығын қақты
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордасы Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешіттің қазығын қағу рәсіміне қатысты.
Шымкент: Ихсан ілімі жайлы конференция өтті
ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен республикалық мешіт және медресе ұстаздарына арналған «Ихсан ілімі – тәрбие көзі» рухани-танымдық конференциясы өтті.
Нұр-Мүбарак университетінде бір айлық курс басталды
Еліміздің 17 аймағынан дін саласының 65 маманы біліктілігін арттыруға кірісті. Атап айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак университеті бірлесіп «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру» курсын өткізуде.
ҚМДБ: Qurban2021 жобасы талқыланды
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен онлайн жиын өтіп, оған Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Рахметоллаұлы, ҚМДБ қызметкерлері және облыс бас имамдары қатысты.
Дархан Қыдырәлі: Ихсан туралы кітап шығару – үлкен бетбұрыстың басы
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жазылған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымына қатысып, игі іс-шараны жүргізген Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі осылай деді.
Қызылорда: Мешіт құрылысымен танысты
Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Арал ауданына жасаған сапарында аудандық орталық мешіті жанынан бой көтеріп жатқан діни білім беру және қайырымдылық мекемесінің құрылысын көрді.