29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Зекет өкілдері «QURBAN2021» жобасын талқылады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры алдағы Құрбан айт мерекесіндегі іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында республикалық онлайн жиналысын өткізді.

Сарыағашта халықаралық конференция басталды

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен халықаралық конференция басталды.

Бас мүфти халықаралық конференцияда баяндама жасады

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында басталған Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдарының рухына арналған «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, дін ғұламаларының мағыналы ғұмырына тоқталды.

Тараз: Біліктілік арттыруға арналған курс өтті

Жамбыл облысындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде «Зияткер имамның тұлғалық келбеті» атты мешіт қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған курс өтті.

Курс 7-19 маусым аралығында жүргізіліп, оған шалғай ауылдардан 20 маман қатысты. Имамдар фиқһ, Құран Кәрім, Ислам тарихы, ақида, уағыз әдістемесі, ҚМДБ құжаттары бойынша дәріс алды.

Алты модуль бойынша білім алып, сынақтан сүрінбей өткен дін мамандарын Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев марапаттап, сертификат табыстады. Облыс имамы біліктілікті арттыру курсына қатысушыларға игі лебізін білдіріп, жұмыстарына жеміс тіледі.

15b699b1-b1b5-44db-9770-4afcae9e1a82.jpg

mini_1_uF9zxLG.jpg

b9de2775-70c1-4deb-be3a-0cc14fdd2fde.jpg

74893380-be06-4852-acf9-97fe47eafd15.jpg

Алматыда «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті

Бүгін Алматы қаласындағыҰлттық кітапханада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

«Ел үлесі – пәтерге»: 429-баспана берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 429-баспана Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде берілді.

Қостанай: Діни сауат ашу лагері балаларды қуантты

Қостанай облысы Рудный қалалық «Нұр» мешітінде осы айда мектеп жасындағы оқушыларға арналған екі апталық жазғы діни сауат ашу лагері жұмысын бастап, оған екі топтан тұратын 40 ер бала мен 20 қыз бала қатысты.

Бас мүфти ғалымдарға ихсан туралы кітапты сыйға тартты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына барған ресми сапарында белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы Досай Кенжетай мен дінтанушы-ғалым, PhD докторы, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Мұхан Исаханға жуырда шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты сыйға тартты.

ҚМДБ төрағасы 8 D форматта жасалған мұражай жұмысымен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапарында «Керуен сарай» туристік кешенінің 8D форматта жасалған театр-мұражайында болып, қазіргі технология көмегімен салынған қазақ тарихына саяхат жасайтын мұражай жұмысымен танысты.