Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен Ақсақалдар форумына қатысты.
Жаңалықтар
Наурызбай қажы Тағанұлы 423-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 423-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады.
Бас мүфти облыс имамдарын белсенді қызмет етуге шақырды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына барған ресми сапары барысында Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде өңір имамдарымен кездесті.
Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті қызмет барысында жеті бағытқа басымдық беріп келеді. Атап айтқанда, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие, ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша белсенді қызмет етуге шақырамын. Ең бастысы асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруымыз қажет» деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Кездесу кезінде Бас мүфти Діни басқарманың бастамалары жайлы әңгімелеп, діни қызметті жандандыру мәселесі төңірегінде сөз қозғады.



Өскеменде Ғұламалар кеңесі өтуде
Бүгін Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісі басталды.
Елімізде Ислам энциклопедиясы жарық көреді
Елімізде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен Ислам энциклопедиясы жарық көреді. Бұл туралы Өскеменде өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде мәлім болды.
Ақтау: Әуежайда намазхана ашылды
Ақтау халықаралық әуежайында намазхана ашылды.
Бас мүфти «Қарахан» мен «Тектұрмас» тарихи кешендеріне зиярат жасады
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына сапарында Тараздағы сан ғасырлық тарихы бар «Қарахан» мен «Тектұрмас» кесенесіне арнайы зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады.
«Ел үлесі – пәтерге»: Бас мүфти тараздық 5 отбасыға пәтер кілтін табыстады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тараз шаһарында өткен «Әулие ата» мешітінің қайта ашылу салтанатынан кейін «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен Жамбыл облысының 5 отбасына тұрғын үй кілті табысталды.
Ғасырлық тарихы бар көне мешіт қайта ашылды
Тараз шаһарында бір ғасырдан астам тарихы бар 1907 жылы салынған «Әулие ата» мешіті күрделі жөндеуден кейін жамағатқа есігін қайта ашты. Көненің көзі болған мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.
«Бір ғасырлық тарихы бар «Әулие ата» мешітін күрделі жөндеуден өткізіп қайта ашып жатырмыз. Бұл – өте көне, тарихи мешіт. Былтыр қазан айында келіп, құрылыс жұмыстарымен танысқан едім. Аллаға шүкір, міне жамағатқа есігін қайта ашты. Мен дәл осы мешіттен ілім іздеп, шетке аттанған едім. Сол себепті мен үшін де маңызы зор. Алла Тағала ғасырлық тарихы бар мешіттің жамағатына жақсылық, көркем мінез бен береке бергей. Осынау құлшылық үйін жамағатпен безендіріп, Алла үйін салғандарға жәннаттан зәулім сарай беруін нәсіп етсін! Осы көне шаһардың жамағатына бұл құлшылық үйі берекелі болсын дегім келеді. Құтты болсын!» деді ел мұсылмандарының төрағасы.
Бас мүфтидің құттықтау сөзінен кейін құлшылық үйіне қолдау көрсетіп, құрылысына араласқан ұсталарға ҚМДБ Төрағасының алғыс хаты табысталды. Наурызбай қажы Тағанұлы жаңарған мешітке бас сұғып, толық аралап шықты.
Құрылыс жұмыстарының демеушісі Айдар Сұлтанұлының айтуынша, мешіт сыйымдылығы – 1000 адам. Алла үйі сол бұрынғы бағаналары мен ағаштарын толық сақтап қалған. Оның ішіндегі суреттер мен ойылған оюлар ешқандай техниканың көмегінсіз қолмен жасалыпты. Тіпті мінбер маңындағы аяттарға дейін қолмен тоқылған. Жөндеу барысында ғимаратқа жылыту едені, күмбез қосылған. Өйткені ескі мешіттің бұрын күмбезі болмаған.
Тарихи мешіттің қайта ашылуына ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Ақпарат және қоғамммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және қала имамдары қатысты.




Бас мүфти Жамбыл облысы әкімімен кездесті
Жамбыл облысына іргелі конференцияға келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевпен арнайы кездесті.
Тараздағы ғылыми конференция аяқталды
Тараз қаласында өткен Атлах шайқасының 1270 жылдығына арналған ғылыми-танымдық халықаралық конференция аяқталды.
Конференцияның екінші бөлімінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, шығыстанушылар сөз сөйлеп, тың деректерімен бөлісті. Атап айтсақ, Нұр-Мүбәрак универсиетінің ректоры, профессор Мұхаммад Шаххат әл-Жинди, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков, тарих ғылымдарының кантидаты Дәулетхан Әлімғазы, Кувейт халықаралық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы Асан Ормушев Атлах шайқасының тарихи мәні мен жеңісі жайлы баяндама жасады.
Жиынға қатысушылар арасында онлайн сөз сөйлеген қонақтар да болды. АҚШ-тағы Гарвард университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахмет, Өзбекстан Ұлттық ғылым академиясы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері Феруза Жұманиязова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Әшірбек Мүмінов, Баку мемлекеттік универсиетінің оқытушысы, профессор Ахмед Ниязов Шығыс деректемелеріндегі Тараз, Атлах, Ақыртас қалалары мен Атлах шайқасындағы саяси ұстаным, діни мақсат-міндеттерді сөз етті.
Нұр-Мүбәрак Университет жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шәмшәдин Керім мен дінтану ғылымының Phd докторы Мұхан Исахан Талас ғазауатын діни тұрғыдан бағалау критерилері мен діни тұлғалар жайын тілге тиек етті.
Конференция соңында Үндеу жарияланып, іс-шара қорытыланды.




