29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ерікті жанның ерлігі: Ұмра қажылығына жолдама алды

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсімінде аталған оқу орны ғимаратының құрылысын жүргізген Ерболат Долдабаевқа айрықша алғыс айтып, ұмра қажылығына жолдама берді.

 Бас мүфти белсенді жас имамға пәтер кілтін табыстады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында 424-пәтер кілтін ауыл имамына табыстады.

Бас мүфти мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары кезінде Өскемен және Семей қалаларын жалғайтын жол бойындағы мешіттегі жолаушылар бөлмесіне аялдады.

Суық бұлақ кентінде орналасқан мешітке тоқтаған ҚМДБ делегациясы жолаушылар бөлмесінде болып, құлшылық үйінде атқарылған жұмыстармен танысты. Жиналыс барысында Бас мүфти ауыл имамына бірқатар тапсырмалар берді.

Айта кетсек, жыл басында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы облыс имамдарына республикалық және қалалық маңызы бар үлкен тас жол бойында орналасқан мешіт жанынан жолаушылар бөлмесін ашуды тапсырған болатын.     

Жолаушылар бөлмесінде тегін интернет уай-фай желісі, ыстық кофе-шәй, алғашқы медициналық көмек үшін дәрі-дәрмек салынған қобдиша, ұялы телефон қуаттандырғыш бар.

Бүгінде еліміз бойынша үлкен жол бойында орналасқан 20-дан астам мешітте жолаушылар бөлмесі бар. 

b5124a76-c0f5-42e1-a726-375aa469a80b.jpg

7b27bc4d-3200-4f69-9e27-279412a1e2d7.jpg

7082e532-7ca6-41de-8580-547757aa9987.jpg

46733b0b-225a-4099-a5f0-0e1643a60525.jpg

14793068-52e9-4d79-8637-120642f11e35.jpg

«Ел үлесі – пәтерге»: Үш отбасы үйлі болды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен 3 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Еліміздің бірқатар өңірінде тасаттық намазы оқылды

Жаз мезгіліндегі қуаңшылыққа байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің бірқатар өңірінде тасаттық (истисқа) намазы оқылып, құрбан шалынды.

Ғұламалар кеңесі жаңа ғалымдармен толықты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының шешімімен елімізге танымал үш ғалым Ғұламалар кеңесіне мүшелікке қабылданды.

Бас мүфти студенттерге дәріс оқыды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Өскемен қаласында Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болып, студенттерге дәріс оқыды.

Ғұламалар кеңесінде «Ғибадат тұтқасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Өскемен қаласында өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінде «Ғибадат тұтқасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

ҚМДБ төрағасы Өскеменде заманауи мешіттің құрылыс жобасымен танысты

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласында салынып жатқан заманауи жаңа мешіттің құрылыс жобасымен танысты.

«ХАЛАЛ ДАМУ» өкілі марапатталды

Ұзақ жыл бойы отандық халал индустриясының дамуы жолында белсене қызмет етіп, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосқан «Халал Дамудың» өңірлердегі жауапты өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерекелік медаліменмарапатталды.

ҚМДБ төрағасы Өскеменде «ШЫҒЫС МЕДИА» орталығының ашылуына қатысты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде «Шығыс медиа» орталығының ашылу рәсіміне қатысты.