29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Бас мүфти «Жеті бағыт» бойынша алғашқы төрт айдың есебін тыңдады

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті Аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібінде жеті бағыт бойынша 2021 жылдың алғашқы төрт айында атқарылған жұмыс есебі тыңдалды.

Нұр-Мүбарак университеті Индонезия Ислам университетімен келісімшартқа қол қойды

Әлемдегі ең атақты ислам университеттерінің қатарына кіретін Индонезия Ислам университеті енді Қазақстандағы ислам саласындағы бірегей жоғары білім ордасы Нұр-Мүбарак университетімен әріптестік байланыста.

Екібастұз қаласына бас имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Дулат Қабиденұлы Матаев ҚМДБ-ның Павлодар облысы Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ: «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – тәрбие негізі» кітабының танытымы өтті.

Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде 10 пәтуа қабылданды

Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде өткен Ғұламалар кеңесінің ХХХ мәжілісінде 10 пәтуа қабылданды. Бұл туралы кеңес хатшысы, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров хабарлады.

БҚО: Ауыл мешіттерінің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсуат және Қарауылтөбе ауылдарында жаңа мешіт құрылыстары басталды. Игі істің қуанышын бөлісіп, қадасын қағу рәсіміне арнайы БҚО бас имамы Бақытжан Сабыралиев пен аудан әкімінің орынбасары Тілек Габдушев, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Ақтөбе: Бас имам «Нұр Ғасыр» ұжымымен танысты

ҚМДБ Төрағасының бұйрығымен Ақтөбе облысына бас имам болып тағайындалған Серікжан Еншібайұлыорталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жиналыс өткізіп, ұжыммен танысты.

Қызылордада «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті

Қызылорда қаласында 14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күніне орай «Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облыстық өкілдігі, Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде өткен игі іс-шараға мешіт қызметкерлері мен  Алла үйіне құлшылық етуге келген ерікті жамағат ат салысты.

Мешіттің бас имамы және сектордың облыстағы жетекшісі Айтжан Мұсаұлы келушілерге донор болудың пайдасы мен сауабы жайлы насихат айтты.

Айта кетейік, аталмыш акция былтыр да ұйымдастырылған болатын. Бүгінде қан беріп, мұқтаж жандарға үміт сыйлауға үндейтін бұл шара дәстүрге айналуда.

64e2d634-e961-4228-a2c7-c75d236dca22.jpg

dd681997-28a3-4b42-8c95-cf0d3915da6e.jpg

eb3bf465-330b-47ef-97c7-5ed4cc2d1512.jpg

Ақтөбе облысына бас имам тағайындалды

Бүгін, қасиетті жұма күні Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен ҚМДБ Ақтөбе облысының бас имамы болып Серікжан Еншібайұлы тағайындалды.

ҚМДБ делегациясы «Жан дауа» драмасын тамашалады

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында облыстық драма театрда «Жан дауа» психологиялық драмасын тамашалады. Ғибратты қойылымды ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері де көрді.