29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Тараз қаласында халықаралық конференция өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Атлах» шайқасына 1270 жыл толуына орай «Қазақ даласына Исламның келуі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Бас мүфти зират басындағы ізгі іс-шараға қатысты

Бүгін ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдіктің дін қызметкерлері және мешіттердің ерікті жамағаты бір мезетте атсалысып, сауапты іске жұмыла кірісті.

Мысырмен байланыс беки түседі

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі Жабир Таиғ Сұлтанды қабылдады.

Кездесуде Қазақстан және Мысыр елдері арасындағы тарихи-мәдени, рухани байланысты арттыру мәселесі сөз болды.

«Аллаға шүкір, Қазақстан және Мысыр арасындағы байланыс жыл санап артып келеді. Біздің Сұлтан Бейбарыс бабамыз Мысыр елінің өркениетіне үлкен үлес қосты. Жуырда Мысырға барған сапарымда Сұлтан Бейбарыс мешітіне зиярат етіп, құрылыс жұмысымен таныстым. Сұлтан Бейбарыс мешіті Қазақстан мен Мысыр елі арасындағы діни һәм мәдени байланыстың символы іспетті. Алла Тағала бауырластық байланысымызға береке берсін» деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

c3a554a7-b981-4cb5-ad2d-4cc5c44ac24d.jpg

a08831b0-394d-445f-aac2-ef7cff8f3522.jpg

8546e734-778d-48a9-aad0-81fe3cfe6ce6.jpg

Әл-Азһармен қарым-қатынас артады

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы әйгілі әл-Азһар шейхының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Дуанимен кездесті.

Бас мүфти Алматыда Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында Ғұламалар кеңесінің кезекті жиынын өткізді. Кеңес жұмысына Ғұламалар кеңесінің Алматы қаласындағы мүшелері қатысты.

ҚМДБ төрағасы «QMDB HALAL» өнімдер жәрмеңкесіне қатысты

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «QMDB HALAL» өнімдер жәрмеңкесіне қатысты.

Түркістан: Мектеп түлектері мұқтаж отбасыға үй сыйлады

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылдық көпсалалы мектеп-лицейінің 2001 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады.

Мысырдың уақып вице-министрі Алматы имамдарымен кездесті

Бүгін Алматы қаласындағы «Бәйкен» мешітінде Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі, профессор Жабир Таиғ Сұлтан имамдармен кездесті.

Алматыда «QMDB HALAL» жәрмеңкесі өтеді

Ертең, 28 мамырда Алматы қаласының Орталық мешіті алаңында «Халал Даму» мекемесінің халал сертификатын алған өнімдердің «QMDB HALAL» жәрмеңкесі өтеді.