10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бір жылда бір-ақ ай оқылатын намаз

Бір жылда бір-ақ ай оқылатын намаз

Намаз

Бір жылда бір-ақ рет келетін Рамазан айының түнін құлшылықпен безендірудің сауабы мен пайдасы ұшан-теңіз.

Тарауық – өткен күнәлардың кешірілуіне жол ашатын, Алла Тағала үшін ең сүйікті намаз. Бұл ғибадат жайында Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: (Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауық намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Мүслім) Рамазан айында әр күні құптаннан кейін, үтірден бұрын тарауық намазын оқу еркек және әйел адамдар үшін – сүннет.

Және тарауық намазын мешітте жамағатпен оқу – сүннет. Алайда қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, ҚМДБ ғұламалары шешімімен мешіттерде уақытша намаз оқылмайды. Осыған орай, әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Тарауық намазын отбасыңызбен бірге оқыңыз!

Алла Тағала ұстайтын оразаларыңыздың сауабын арттырып, тек жақсылыққа жеткізсін!

ummet.kz

Бөлісу: