23
Сенбі,
Қараша

һижри

Нәпіл құлшылықтар қияметтің қорқынышын сейілтеді

Нәпіл құлшылықтар қияметтің қорқынышын сейілтеді

Намаз

Құлшылық қашанда Жаратқан Алланың разылығына жетелейтін амал. Ал парыз амалдардан тыс атқарған нәпіл құлшылықтар бізді қияметтің қорқыныштарынан қорғап, сондай-ақ, ұрпақтарымыздың да Алланың панасында болуына себепші болады. Нәпіл амалдарға берік болған жан Аллаға жақындап, соңында Алланың сүйген пендесіне айналады да, «әулие» деген атқа ие болады.

Алла Тағала қасиетті Құранда мұндай пенделер жайлы: «Біліп қойыңдар! Алланың әулие құлдары үшін ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар әсте мұңаймайды», - деген («Юнус» сүресі, 62-аят). Яғни, мұндай адамдар қияметте қорқыныштана ман болады, сондай-ақ,  артында қалған отбасы, бала-шағалары үшін уайымдамайды. Себебі, алла оларға қорған болады. Демек, Алланың сүйген құлы өмірден өтіп кетае де, бала-шағасы Алланың панасында болады. Ал қияметте адамдар «Абәсә» сүресінің 34-37-аяттарда келгендей тозаққа түсіп кетемін бе деп қорқып жатқанда, бұл адам қорқыныштан аман болады: «Сол күні адам баласы өз бауырынан безеді, тіпті, өз анасы мен әкесінен, жан-жары мен бала-шағасынан безеді. Ол күні олардың әр қайсысы өз басымен қайғы болады».

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: