22
Жұма,
Қараша

һижри

Дәретте мойынға мәсіх тарту мәселесі

Дәретте мойынға мәсіх тарту мәселесі

Намаз

Бірде   бір   танысымнан   қарапайым мұсылмандар дінімізді қалай үйреніп жатқандығын сұрадым.

Ол кісі бұл сұрағыма: – Барлық істер жақсы жүріп жатыр еді, талас-тартыстар   шыққаннан   соң   не   істерін білмей қалды, деді.

– Халықты әуре-сарсаңға салып қойған мәселелерден кейін шыққан тағы қандай мәселе? − деп сұрадым анық-қанығын білу үшін.

– Мысалы үшін, қазірге дейін барлығы дәрет алуда  мойынға мәсіх тартуды мұстахабдеп келген, оқыған кітаптарымда да солай деп жазылған-тын. Бірақ жаңадан шыққандар мұны бидағат   деуде.  Мұнан соң жұрт не істерін білмей жүр. Бұл жайлы сұрауға адам табудың өзі қиын, деді танысым.

–  Мұндай кезде дереу   ақиқатқа көз жеткізу үшін дәлел сұрау қажет. Мойынға мәсіх тарту   не  үшін   бидағат   екендігін сұрамадыңыз ба? – дегенімде:

–  Мойынға мәсіх тарту Құранда да, хадисте де жоқ, ал Құран мен хадисте жоқ нәрсені жасау бидағат саналады-мыс... Сырттай қарағанда елеусіз ғана болып көрінетін осы нәрседен, қарапайым мұсылмандар   арасында   түсінбеушілік пен бас  қатыру орын алғаны  тектен тек емес. Өйткені, мойынға мәсіх тарту бидағат дейтін топтың сөзі мұнымен шектеліп қалмайды. Мойынға мәсіх тарту бидағат, ал әрбір бидағат адасу,  ал адасушылық тозаққа апарады   деуі   мүмкін.   Егер сондай әңгіме шығатын болса, мойынына мәсіх тартып жүрген «бейшаралардың», олардың ата-бабаларының Ақыреттегі халі не болмақ? Егер бидағат жайында жоғарыда келтірген бұл сөз, қандай да бір хадис-шарифпен байланысқанда, бізге соған сай амал ету қажет болып, бидағат санар едік. Алайда, біз бұл сөзге мүлдем қосыла алмаймыз. Өйткені, бұл әңгіме мұсылмандардың барлығы хақ деп  тән  алған төрт фиқһи мазһабтың ең үлкені болған Ханафи мазһабының мұжтаһид ғұламалары  он   үш ғасырдан бері мұстахаб деп келе жатқан амалды бидғат деп бұрмалаулары жайлы болып тұр.

Қадірменді оқушылар! Келіңіздер, бірге отырып Ханафи ғұламалары не үшін дәретте мойынға мәсіх тарту мұстахаб деп санағанын бағамдап көрелік. Әйтеуір олар  он үш ғасыр бойы  мұсылмандарды бидғат іске   баулып келмеген болар? Мұндай сұрағымызға жауап төмендегінше болады:

Адамдарды бидағатқа,   шариғатымызда жоқ   нәрсеге   шақырудан  Алла сақтасын. Біз ешқашан ешкімді бидағат іске шақырған жоқпыз. Біз шарғи негізге сүйенбей тұрып, бір мәселе жөнінде ауыз ашпаймыз. Ал, мойынға мәсіх тартуға мынандай дәлелдеріміз бар: Бірінші дәлел: Имам Ахмад ибн Ханбал Ләйстен, ол Талха ибн Мұсаррифтен, ол кісі әкесінен, әкесі атасынан келтірген риуаятта: «Расында, ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)   мойынының арт жағынан алдыңғы жағына қарай мәсіх тартқандығын көрген»  – делінген.

Екінші дәлел: Әбу   Хасан   ибн   Фарис,   Ибн   Омардан(р.а) риуаят қылынған хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім   дәрет   алып,   мойынына   екіқолымен   мәсіх   тартса,   Қиямет   күні   оттансақталады» – деген.

Үшінші дәлел: Имам   әл-Баззар,   Уайл   ибн   Хужрден (р.а) риуаят еткен хадисте: «...Кейін   басына   3   рет,   құлағының сыртына 3 рет және мойнының сыртынамәсіх тартты» – делінген. Тап осы мағынада басқа да   хадистер жеткілікті, барлығы бір-бірін қуаттап  тұрады. Бұдан артық тағы не керек? Өз ісін немесе өз сөздерін дәлелдеу  үшін  басқалар білмеген хадисті тауып, амал қылғандар бидағатшы деп айыптала бере ме? Басқалар хадисті таппағанболса, Ханафиларға тағылатын не кінә бар? Біз   жоғарыда   қазіргі таңда  талас-тартыстарға себеп болып жатқан үш нәрсеге ғана тоқталып талқылап өттік.  Басқа дамәселелерді тап осы секілді талқылап беру өте оңай. Біздің ниетіміз таласып-тартысу емес, талас-тартыстарға шек қою үшін ғана сөзімізді ары қарай жалғастыруды жөн көрмей отырмыз. Мақсатымыз ескі жараны тағы  да  қозғамай, тәжірибеден өткен сенімді  жолды бекем ұстауға шақырамыз. Міне сонда талас-тартыстар тоқтайды деп үміт ете аламыз, иншаАлла. Талас-тартыстарды болдырмау мақсатында, фиқһи мазһабтардың Құран және сүннет аясында қылған ижтихадтарын қайта қозғап, көрейікші қане, кімнің дәлелі күшті екен, деп қарастырудан дініміз қайтарған. Тіпті, кейбіркісілер ілімді болып, мазһабтардың дәлел-дерінің қайсысы қайсысына қарағанда күштірек екенін ажырата алатын жағдайға жетсе де өзі үшін пәтуа шығарса жарайды, бірақ ортағасалып басқалардың басын қатыруға болмайдыделінген. Сол үшін де әдетте, әрдайым айтылған ережелерді бұзып, талас-тартыс тудырған жақ құрдымға ұшырайды.

Осы ізденісімізде бөлінбеуге шақырсақ та, сөзіміз бір жақтылыққа ұқсап қалуы да міне, осы қағидаға байланысты туындайды. Барлық  бәле білімсіздігімізден. Өте  азнәрсе білеміз, сөйте тұра көп нәрсеге шақырамыз. Білген аз нәрсемізге қатып қалып, білімдегеніміз – осы, бұдан өзге нәрсе жоқ деп ойлаймыз. Білмейтін өте көп нәрсемізге бүтіндей қарсы келеміз. Нәтижеде басымызға қазір түсіп отырған жағдайға тап боламыз. Аталмыш  ісімізді қазіргі ғұламаларымыз «бір кітапша және үнтаспа мәдениеті» деп атауда. Анығында, қолымызға түскен бір кітапты оқимыз да, барлық дүниенің ілімі осы кітапта қарастырылған, бұдан артық кітап жоқ деген мағынада амал жасаймыз. Үнтаспаға жазылған үш-төрт насихатты естіп алып, дүниедегі мұсылмандардың төрттен үш бөлігін кәпір немүшрікке теңеп, пәтуә шығарып тастаймыз. Астағфируллаһ! Қазіргі таңда бүтін Ислам үмметі мың үш жүз жылдан бері тән алып, ардақтап, құрметпен қарап келе жатқан төрт фиқһи мазһабты тән алмай, олар жайында лайықсыз сөздер айтып, өзін мұжтахид санап жүргендер –  міне, сол «бір кітапша және үнтаспа мәдениетіне» лайық кісілерден. Біз   қазір оларға фиқһи  мазһабтар хақ екендігі жайында ғылыми  ізденіс ұсыну ниетінде емеспіз. Өйткені, ол бауырларымыз мұндай ғылыми ізденіске көңіл бөлуге дайын болғандарында қазіргі   қолайсыз жағдай туындамас еді.   

материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: