22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсіре ме?

Намазын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсіре ме?

Намаз

1. Намазын үйде оқыған ер адам азан айтып, қамат түсірмесе де болады.

Өйткені, сахаба Ибн Мәсғуд (р.а.): «Қалада түсірілген қамат жеткілікті», – деп, үйінде жолдастарымен бірге намазды азансыз және қаматсыз оқығандығы риуаят етілген3

2. Таң намазына азан шақырылғанда «ас-Саләту хайрум минән нәуум» дегенді міндетті түрде қосып айту керек. Сахаба Біләлдің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ассалату хайрум минән наум» (намаз ұйқыдан артық) сөзін тек таң намазында ғана айт», – деген.

3. Азаншы азан айтқанда саусағымен құлағын бітеп тұрады. Бұл дауысының қаттырақ әрі зор шығуы үшін істелінетін әрекет.

Ибн Мәжәнің хадистер жинағында келтірілген хадисте сахаба Әбу Жухайфа (р.а.) әкесінің былай дегенін риуаят етеді: «Мен Біләлдің азан айтқанын көрдім. (Жұрт есту үшін) денесімен бірге аузын оңға, солға кезектестіріпбұрған еді. Сонда екі құлағын саусағымен бітеп тұрған болатын» (Сахих).

4. Азан айтқан кісі құбылаға беттейді. «Хайә алассалаһ» дегенде оң жаққа, ал «Хайә алаль фалах» дегендесол жаққа мойынын бұрады.

Әбу Дәуідттің хадистер жинағында келтірілген риуаятта Мұса ибн Исмаил былай дейді: «Әбу Жухайфа былай дейді: Біләлдің «Әбтахқа» шығып, азан айтқанын көрдім. Ол «Хайә алал фалах» және «Хайә алас салаһ» дегенде мойынын оңға жәнесолға бұрған еді. Айналып жүрмеді».

5. Қамат түсіргенде «Хайә алал фалах» сөзінен кейін «Қад қаматис салату» деп қосып айту керек.

6. Азан шақырған кісі дауысын барынша қатты шығарып, созып айтады, ал қаматта бұлай істеу шарт емес.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у.) Біләлға: «Азан шақырғанда оны созып айт. Ал қамат айтарда, қамат сөзін тездетіп айт», – деген болатын.

7. Қаза намаздарына азан шақырып, қамат түсіру – сауапты іс. Егер бірнеше қаза намаз бірінен кейін біріоқылатын болса, қаласа әрқайсысына азан шақырып, қамат түсіреді, қаламаса алғашқысында бір мәрте азан шақырып, қалғандарына тек қамат түсірумен шектеледі.

Имам Тирмизи мен Имам Ахметтің кітаптарында келтірілген риуаяттардың бірінде Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Хандақ» соғысында мүшріктердің кесірінен Алла Елшісі (с.а.у.) төрт намазын уақытында оқи алмады. Алланың қалауымен түннің бір уағында, Алла Елшісі (с.а.у.) Біләлға азан шақыруын бұйырды. Азан шақырылғаннан кейін қамат түсіріп, бесін намазыноқыды. Сосын қайта қамат түсіріп, екінтіні оқыды. Және қамат түсіріп, ақшам намазын оқыды. Одансоң қайта қамат түсіріп құптан намазын оқыды».

8. Азанды дәретсіз шақыру – мәкрүһ.

9. Қаматтың сөздері де азан сияқты екі мәрте қайталанады («Аллаһу әкбәр», «Аллаһу әкбәр» деп екі мәрте қайталап айтуымыз бір рет айтқан болып есептеледі). Имам Байһақидің кітабында келтірілген хадистесахаба Абдулла ибн Зәйд былай дейді: «Мен Пайғамбарымызға (с.а.у.): «Уа, Расулалла! Мен түсімде бір адамды көрдім. Үстінде екі қабат жасыл жамылғы киімі бар еді. Ол бақшада тұрып (немесе дуалға шығып) азан шақырды, (азан сөздерін) екі мәрте қайталап айтты. Қамат сөздерін де екі реттен айтты».

материал «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: