22
Жұма,
Қараша

һижри

Ғұсыл алудың парыздары мен сүннеттері

Ғұсыл алудың парыздары мен сүннеттері

Намаз

Ғұсыл парыздары:

Құранда ғұсылдың парыз болуы айтылады: «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар». Бұл аяттағы «тазаланыңдар» сөзі, дененің жуылуының парыз екендігін көрсетеді. Басқа бір аятта былайша берілген: «Тазаланбастан, жүніп күйінде намаз оқымаңдар».

Пайғамбарымыздың қалай ғұсыл алатынын Хазіреті Айша жеткізеді: «Алла Елшісі жүніп болған кезде, алдымен қолдарын жуумен бастайтын. Сосын оң қолымен сол қолына су төгіп, ұятты жерлерін жуып, артынан дәрет алатын. Одан кейін су алып, саусақтарымен шаштарының түбіне дейін сулайтын. Сосын басына үш рет су құйып, одан кейін денесіне су құятын. Ең соңынан аяқтарын жуатын».

Ғұсыл сүннеттері:

1. Алдымен «Бисмиллаһ» деп бастау

2. Ниет ету (Шафиғилерде ниет ету парыз)

3. Әурет (ұятты) жерлерді жуу. Денеде лас жерлері

болса тазалау

4. Дәрет алу

5. Үш рет басын, үш рет оң иыққа және үш рет сол иыққа су төгу. Әрбір құйылған суды дененің барлық жеріне жеткізу.

6. Ғұсыл алғанда сөйлемеу

7. Ғұсыл құйынып жатқанда құбыла жаққа тура да, теріс те қарап тұрмау. Яғни, жанымен тұру. Әурет жері жабық тұрса қарауға болады.

8. Жалғыз өзі болса да, әурет жерін жабу. Монша, көл, т.б. адамдар арасында әурет жері ашық күйде жуыну – харам. Бір адамның көпшілік арасында тұрып, жуынғанын байқаған Алла Елшісі қатты қамығып былай дейді: «Күмәнсіз, Алла Тағала ұят иесі және күнәлар мен кемшіліктерді жауып, жасырушы. Сол себепті, ұятты болуды және әурет жерлерін жабуларын жақсы көреді. Ендеше, бір адам ғұсыл құйғанда әурет жерлерін жапсын».

Ислам діні адам денсаулығына қатты мән берген. Сол себепті, бір адам су ысытуға мүмкіндігі болмаса, суық сумен жуыну ауруға себеп туғызса, мұндай жағдайда мүмкіндік туғанға дейін тәйәммүм соғып намаз оқиды. Өйткені, «Дінде зорлық жоқ». Бірде Амр ибн Ас бір сапарында жүніп болып қалып, ауа-райы қатты суық болған соң, жуынбай тек қана тәйәммүм алып намаз оқиды. Осы мәселе Пайғамбарымызға айтылғанда, ләммим демеді.

Жалғыз қалған адамның әурет жерлері ашық болуы харам болмаса да, жабық болуы Ислам әдебіне жатады. Өйткені, Пайғамбарымыздан бір сахаба «Біріміз жалғыз қалғанда қалай болады?», – деп сұрағанда: «Алладан ұялу – адамдардан ұялғаннан әлдеқайда жоғары», – деп жауап қатады.

9. Ғұсыл құйғанда суды ысырап етпеу.

10. Ғұсылдан кейін сүлгімен сүртіну. Пайғамбарымыздың зайыбы Мәймунәнің бір риуаятында Пайғамбарымыздың бірде сүлгімен сүртінгені жайлы айтылады.

материал «Ислам ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: