25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Шүкір намазы және сәждесі

Шүкір намазы және сәждесі

Намаз

Шүкір сәждесі – адам қандай да бір қуанышқа кенелгенде немесе қиындықтан құтылғанда Алланы ұлықтап, Оған шүкірлік етіп жасайтын сәждесі.

Бұл сәжденің үкімі – мұстахаб. Бұл сәжде әдеттегі сәжде іспеттес жасалады, яғни дәретті күйде құбылаға қарап тәкбір келтіреді де, тікелей сәждеге барып белгілі зікірлерді айтады, сосын сәлем берместен қайта тұрып кетеді.

Сәжде аятында намаздағы сәждеде айтылатын зікірді айту – мұстахаб амал. Сол сияқты мына дұғаларды айту да мұстахаб:

 1.(Сәжәдә уәжһи лилләзи халақаһу, уә шәққа самъаһу уә бәсараһу би хаулиһи уә қууатиһи)

Мағынасы: «Жүзім күш-қуатымен өзін жаратқан, құлағы мен көзін жасаған (Аллаға) сәжде етті».

2. (Сәжәдә уәжһи лилләзи халақаһу, уә шәққа самъаһу уә бәсараһу би хаулиһи уә қууатиһи, фәтәбәракаЛлаһу Ахсанул-халиқин)

Мағынасы: «Жүзім күш-қуатымен өзін жаратқан, құлағы мен көзін жасаған (Аллаға) сәжде етті. Жаратушылардың шебері ұлы Алла».

3. (Аллаһумма-ктуб ли биһа ъиндака ажра, уа даъ ъанни биһа уизра, уажъалһа ли ъиндака зухра, уа тақаббалһа минни кәмә тақаббалтаһа мин ъабдика Дауд)

Мағынасы: «Уа, Алла! Бұнымен маған Өз тарапыңда сауап жаз, бұнымен менің күнәмді кешір, бұны маған өз тарапыңнан(қосымша)  азық ет. Бұны менен құлың Дәуіттен (а.с.) қабыл көргеніңдей қабыл көр».

Сонымен қатар, шүкірлік еткісі келген адам екі рәкәт сәжде намазын оқыса болады. Бұл намаз әдеттегі сүннет намаздары сынды оқылады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадистің шарқы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: