22
Жұма,
Қараша

һижри

Намаз оқып тұрған адамның алдынан өтпеу мәселесі

Намаз оқып тұрған адамның алдынан өтпеу мәселесі

Намаз

Ансарлық Абдуллаһ ибн Харис ибн әс-Симма (р.а.):

«Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өткен кісі қандай күнәға қалғанын білсе, қырық (күн, ай немесе жыл) күтуіне тура келсе де намаз оқып тұрған адамның алдынан кесіп өтпес еді», – деп айтты», – деген. Осы хадисті жеткізгендердің бірі Әбу ән-Нәдр (р.а.): «Аталмыш хадисте Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қырық күн дегісі келді ме, қырық ай дегісі келді ме, жоқ әлде қырық жыл деп айтқысы келді ме, ол жағын нақты білмедім», – деген (Бұхари, саләт 101; Муслим, саләт 261).

материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: