28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Жұма намазының алдындағы сүннет дұрыс емес пе?

Жұма намазының алдындағы сүннет дұрыс емес пе?

Намаз

Ханафи, шафиғи мәзһабтарында, сондай-ақ ханбалидағы бір көзқарас бойынша жұма парызының алдында төрт рәкат сүннет намаз оқылады. Ал мәлики мәзһабында жұманың алдында бекітілген сүннет намаз болмағанымен, жалпы нәпіл намаз оқуға рұқсат бар.

Жұма намазының алдында сүннет намаз бар дейтіндер ең әуелі жұма намазының бесін намаздың орнына жүретіндігін алға тартады. Сондықтан жұма намазындағы екі рет азан шақыру, хұтба оқу, парыз намазының төрт рәкаттан екі рәкатқа түсуі секілді арнайы шариғи дәлелдермен бекітілген ерекшеліктерінен тыс басқа барлық мәселелерде жұма намазы бесін намазы секілді өзгеріссіз қала береді.

Имам әл-Бұхари өзінің сахих хадистер жинағында «Жұма намазының соңындағы және алдындағы сүннет намаздар» деп арнайы тарау ашқанымен, жұманың соңғы сүннетіне байланысты хадисті ғана келтіріп, ал алдыңғы сүннеті жайлы ешқандай хадис бермеген. Оның орнына бесін намазының алды мен соңында оқылатын сүннет намаздарды көрсеткен.

Имам әл-Бұхаридың бұлай жасауында жұма намазын бесін намазына «қияс» яғни, салыстыруы жатыр. Яғни бесіннің алды мен соңында сүннет намаздары болатыны секілді жұма парызының да алды мен артында да сүннет намаз бар деген сөз.

Имам ән-Нәуауи өзінің Мүслимнің «Сахихына» жазған«әл-Минһаж» атты кең түсіндірмесінде:

«Бесіннің алдында оқылатын сүннет намазды жұманың алдында да оқу сүннет» деген.

Хазреті Алидан (р.а.): «Алла елшісі (с.а.у.) жұманың алдында және артында төрт рәкаттан намаз оқитын еді» дегені риуаят етілді

Бұл риуаяттың тізбегіне Хафыз Зәйнуддин әл-Ирақи «жәйид» деп жақсы баға берген.

Сондай-ақ Алла елшісінің (с.а.у.) жанынан бір елі айрылмайтын ғалым сахаба Ибн Мәсғұдтың жұма намазының алдында және артында төрт рәкат намаз оқығандығы сахих жолмен риуаят етілген.

Қадатадан (р.а.): «Абдуллаһ ибн Мәсъуд (р.а.) жұманың алдында төрт рәкат және соңында төрт рәкат намаз оқитын еді» дегені риуаят етілді. Ибн

Хажар Асқалани бұл хабарды «сахих» деп бағалаған. Тіпті Абдурраззақтың «Мұсаннафында» Ибн Масғұдтың жұманың алды мен артында төрт рәкат сүннет намаз оқуды бұйыратындығы риуаят етілген. Ибн Масғұдтың бұлай жасауы Алла елшісінен (с.а.у.) жұма намазының алды мен артындағы сүннет намаздар жайлы қандай да бір хадисті білгендігінен. Әйтпесе, үнемі Алла елшісінің (с.а.у.)жанында жүретін сахабаның мұндай мәселені ойдан ижтиһадтпен айтпасы анық. Ибн Мәсғұдттың көзқарасын

Ибн Мүбарак, Сүфиянус-сәури сынды табиғиндер де ұстанған.

Нафиътан риуаят етілді. Ол былай деді: «Абдуллаһ ибн Омар жұманың алдында намазды созып оқитын. Ал жұмадан кейін үйіне барып екі рәкат намаз оқитын еді. Сондай-ақ ол (ибн Омар) Алла елшісі де (с.а.у.) осылай істейтін еді деп айтатын».

Имамән-Нәуауиөзінің «әл-Хұласасында» Әбу Дәуітте риуаят етілген бұл хадисті Бұхаридың шартына сай «сахих» деп бағалаған. Бұл риуаяттан жұма алдында нәпіл немесе сүннет намаздың бар екенін аңғарамыз  Бұхаридағы риуаятта Алла елшісі (са.у.): «Әрбір екі азанның (азан мен қамат) арасында (сүннет) намаз бар» деген. Басқа бір сахих хадисте: «Әрбір парыз намаздың алдында екі рәкат намаз бар» делінген.

Ибн Хажар жұма намазының алдында оқылатын сүннет намаздың қуатты дәлелі ретінде осы хадисті көрсеткен.

Ендеше, жұма уақыты кіргеннен кейін ханафи мен шафиғи мәзһабындағыдай төрт, немесе өзге кейбір мәзһабтағылардай екі рәкат сүннет намаз оқып жатқан адамға сенің мынауың «бидғат» деп қарсы шығу дұрыс емес.

материал «Дін мен діл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: