22
Жұма,
Қараша

һижри

«Әттәһият» оқылып жатқанда сұқ саусақты көтеру дұрыс па?

«Әттәһият» оқылып жатқанда сұқ саусақты көтеру дұрыс па?

Намаз

Бұл мәселедегі ихтилаф екі түрлі. Бірі осы сұрақта келгені сияқты, аталмыш ишараны жасау немесе жасамау жайында.

Ибн Омардан (радияллаһу анһу) риуаят етіледі: «Егер Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) намазда отырса, оң алақанын оң санына қоятын, саусақтарын жиып бас бармақтың жанындағы саусағымен ишара ететін. Сол алақанын сол санына қоятын еді».

Осы хадисте саусақтарын жиып, сұқ саусақпен ишара жасалатыны жайында сөз болды.

Кейбірлер осы риуаяттағы «саусақтарын жиып» дегенін «тәшәһһудке отырғанда жиып отырады», деп түсінген. Сол үшін басынан қолдарын жұдырыққа ұқсатып отырады әрі «ләға» келгенде сұқ саусағын жоғары көтереді.

«Сәббәбә» сөгу дегенді білдіреді. Сондықтан «сәббәбә ишарасы» – сөгу ишарасы болады.

Тәшәһһудте «Әшһәду әллә иләһә иллАллаһудың» «ләсында» сұқ саусақты көтеру шайтанды сөгу болады. Ишараны жасағаннан соң, намаз аяқталғанша осы саусаққа қарап тұрады.

Кейбір ғұламаларымыз бұл ишараны жасамауды айтқан. Алайда Ибн Хумәм мен Али Қари секілді ғұламаларымыз: «Бұны жасамау риуаят пен тҽртіпке қайшы болады», - деген.

Біз ғұламалардың жиынында: «Ұстазы үйреткендер істесін, үйретпегендер істемесін. Алайда ихтилаф болмасын», - деп айтқанбыз. Әлбетте, ихтилафтан аулақ болу мақсатында.

Бұл мәселедегі екінші ихтилаф сәббәбә ишарасын жасау сипатында болады. Ханафилер жоғарыда айтқан хадистегі нұсқау негізінде сәббәбә ишарасын жасайды. Алайда ихтилафты өзіне әдет етіп алған кейбіреулер ишараны басқаша көріністе жасайды. Олар өздерін білімді етіп көрсету, басқаларды адасқан санау жҽне ең маңыздысы, ихтилаф шығару мақсатында басқа риуаяттарда сипаты келген ишараны жасайды. Мысалы, сұқ саусақты тәшәһһудта тоқтатпай қимылдатып отырады.

Бір амалды жасау бойынша хадистерде түрлі көрініс келген. Бір мәзһаб олардан бірін алған, басқа мәзһаб екіншісін алған. Екеуі де дұрыс. Мәзһаб ұстанғандардың барлығы өз мәзһабында дәлел етіп алынған риуаятқа амал еткен әрі олармен тартыспаған. Барлығы бір-бірін құрмет еткен. Алайда қазіргі ихтилафшылар олардың мәзһабында амал етілмейтін риуаятты келтіріп, Ханафилер қателесуде, деп жар салады. Бұдан не пайда, кімге пайда, қандай пайда бар?!

материал «Ихтилафтар. Шешімдер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: