22
Жұма,
Қараша

һижри

«Кей намаздан, бей намаз артық» деген сөз дұрыс па?

«Кей намаздан, бей намаз артық» деген сөз дұрыс па?

Намаз

«Кей намаздан, бей намаз артық» деген сөз рас па? Намаз бастағым келеді, бірақ қорқамын тастап кетем ба деп. Нәпіл намаз оқып жүре берейін десем, парыз намаз оқылмаса, қаза болса, сол өтелмейінше нәпіл намаз қабыл болмайды дейді. Не істесем болады? Кеңес беріңізші! Бұрын намаз оқыған соң қазір маған қаза болып жазылып жатыр ма?

Иманды жанға амал парыз[1]. Сол себепті, көп созбай бірден намазыңызды бастап кетіңіз.   

«Кей намаздан, бей намаз артық» деген сөзге келер болсақ, ол - қате сөз. Намаздан мүлдем қол үзіп кетуге болмайды. Асылында, екеуі де дұрыс емес. Намазды екі-үш күнде бір оқып, намазға салғырт қарау қаншалықты күнә болса, намаздан ұзақтап «бей намаз» атану да соншалықты күнә. Намазды қолдан келгенше уақтылы оқуға тырысып бағу парыз. Ал уақтылы оқи алмаған жағдайларда, үйге келіп қазаларды өтеп тұру керек. Оқылмаған намаздың орнын, тек қазасын өтеу арқылы ғана толтыруға болады.

Мұсылман адам намаз бен өзінің арасындағы байланысты үнемі сақтап жүруі ләзім. Намаз – дінінің тірегі. Яғни, намазы жоқтың тірегі жоқ деген сөз. Ондай адам бара-бара діннен ұзақтап, ақыр соңында тек «мұсылман» атауы ғана қалады. Бұхар жырау айтқандай: «Діл мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда».

Алла жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей!

[1] Имам Ағзам Әбу Ханифа: «Мұсылманға амал парыз. Кәпірге иман парыз. Ал, екі жүзді мұнафиққа шынайылық пен ықылас парыз». (әл-Уасия).

материал «Заман тудырған сұрақтар, ІІ том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: