20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әйел кісіге айт намазына бару шарт па?

Әйел кісіге айт намазына бару шарт па?

Намаз

Шариғатта әйелге айт намазына баруға тыйым салынбаған.

Дегенмен, айт намазы әйелдер үшін – уәжіп емес. Сондықтан ханафи мәзһабында әйелдің ер кісілерге араласып, фитнаға себеп болмауы үшін айт намазына барғанын құп көрмеген. Үйіндегі құлшылықтары арқылы да әйел айт күндерін берекелі етіп өткізуіне болады. Ол күн – балалардың дінге деген ықыласын арттырып, мұсылман мәдениетіне бейімдеу үшін үлкен мүмкіндік. Аналар осы мүмкіндікті айт күндері дұрыс пайдалана білгені абзал. Яғни, айт күндері – отбасы, туған-туыс, көршілер мен дос-жарандардың бір-біріне деген ықыласын арттырып, қарым-қатынасын одан сайын жақсартуға сеп болатын күн. Бұл Алла Тағалаға шүкіршілік, Пайғамбарымызға салауат, бір-бірімізге дұға-тілектер айтылып, құлшылықтар еселене түсетін күн. Сондықтан, Алла Тағала рамазан айын берекелі өткізіп, айттың қуанышына жетуді бәрімізге нәсіп етсін!

материал «Рамазан айы және «әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: