06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Таң намазына тұруға қиналғанда осы сөзді есіңе ал

Таң намазына тұруға қиналғанда осы сөзді есіңе ал

Намаз

Бір патша уәзірінен жүзігіне бір сөзді ойып жазып беруін сұрайды. Әлгі сөз мұңайғанда қуаныш сыйлап, қуанғанда сабасына түсіреді екен.

Ол: «Бәрі уақытша!»деген сөз. Өте керемет сөз емес пе? Таң намазына тұруға қиналған кезде осы сөзді есіңе ал. Бұл сезім де өтеді. Орныңнан тұрып, дәрет алуға бірнеше минуттар бер. Бұл қиын сезім күні бойы мазаламайды ғой. Бар болғаны жаңа әдет қалыптастырудасың. Сол уақыттағы шаршау, жалығу сезімдері – барлығы өтеді де кетеді.

Таң намазына тұру үшін нәпсіңмен күрескендегі сезім... Бұл уақыт та өтеді!

Намазды ықыласпен оқи алмаймын деп қынжылған кез... Ол да өткінші!

Жұма намазында мешіт ішінен орын табылмай шыжыған ыстық пен жаңбырдың астында намаз оқыған сәт... Ол да уақытша!

Жұмыс күні ауыр болып, үйге келіп демалайын деп жатқанда намаз уақыты кірсе, тұр да намаз оқы! Тек сабырлық таныт! Бұл сезімдер ұзаққа созылмайды. Өтіп кетеді.

Алайда ол уақыт өтпей жатып-ақ сені басқа адамға айналдырып жібереді. Намаз үшін нәпсіңмен күресуің – өлгенше жалғасатын амал деп ойлама. Ол – жандүниеңнің шүкірі. Осы кеңесті амалға асырар болсаң, өзіңді бұл дүниеге толық иелік еткендей сезінесің. Көздерің рухани байлығыңның шексіздігін көреді. Өзіңді бір тылсым кеңістікке иелік еткендей сезінесің. Ол ауруға, қарттыққа, кедейлікке қарсы кепілдігің іспетті. Ол сезім бойыңдағы бүкіл қорқыныштарды жойып жібереді. Себебі сен Алламен байланыстасың. Егер Аллла сенімен бірге болса,саған кім қарсы келмек?!

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: