22
Жұма,
Қараша

һижри

Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тарту дұрыс па?

Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тарту дұрыс па?

Намаз

Сәждеге барарда шалбардың тізесін жоғары тартудың үкімі – мәкруһ[1].

Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Төрт сүйекпен сәжде етуге бұйырылдым: маңдай, екі қол, екі тізе, екі аяқтың ұшы. Және (сәждеге бара жатып) киімді жиырмай әрі шашты жинамай [оқуға бұйырылдым]»[2], - деген.  

Аталмыш хадистегі «киімді жиырмаймыз» сөзіндегі «жиыру» етістігін ескі ғұламалар «сәждеге барарда киімнің алдыңғы жағын не артқы жағын көтеру» деп түсіндірген[3].  

Сондықтан да, мәжбүр жағдайда болмаса, әр сәждеге барған сайын шалбарды жиырып, жоғары тартып отыру құпталмайтын әрекет[4].

 

[1] Ханафи фиқһ кітаптарында сәждеге бара жатып «киімді жиырудың» мәкруһ екендігі айтылады. Хидая–1/164 бет.
[2] Бұхари, Мүслім.
[3] әл-Аини: әл-Бинәя.
[4] Тіпті, екі қолмен орындалатын әрекет намаз ішінде істелсе, «амалуль кәсирді», яғни, көп қимылды тудырады деп есептейтін кей ғалымдар бойынша, аталмыш әрекет намазды бұзатын қимыл боп саналады. [Шүрунбүләли: Имдад – 336 бет]. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: