27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алған дәретіме жиі күмәнданамын. Не істесем болады?

Алған дәретіме жиі күмәнданамын. Не істесем болады?

Намаз

Мұны екі жағдайға бөліп қарастырсақ болады:

Біріншісі, әлгіндей күмәнға сирек түсетін кісінің жағдайы. Бұл кісі дәрет алып боп, артынан жуылуы тиіс ағзаларының бірін жуған-жумағанына күмәнданса, онда сол күмәнданған ағзасын жуады. Өйткені, шынымен-ақ әлгі ағзасын жумай қалу ықтималы басым.

Екіншісі, тым жиі күмəнданатын адамның жағдайы. Ондай жағдайда оны шайтанның уәсуәсі деп біліп, күмәнға мән бермеуі тиіс. Мұндай уәсуәсәні жеңудің бірден бір жолы – оған мән бермеу болып табылады. Өйтпесе, күмәннің жетегінде кетіп, күні бойы күмәннан арыла алмай басы қатады[1].

Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисін де айта кеткенді жөн көріп отырмын. Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Сендерден әлдекім қарнынан бір нәрсе байқаса, (бірақ одан) бір нәрсе шыққан-шықпағанына күмәнданса, ол кісі дыбысын естімейінше немесе иісін сезбейінше, мешіттен шықпасын»,[2] - дей келе күмәнға бой алдырмауға шақыруда.

 

[1] Бадайғ – 1/263 бет.
[2] Сахих Муслим. Сахаба Әбу Һурайрадан риуаят етілген.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: