21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Ғапылдықпен оқылған намаздар

Ғапылдықпен оқылған намаздар

Намаз

Әдебінен жұрдай және ықыластан алыс көңілмен оқылған және шайтан қатысқан намаз, құлдың бетіне лақтырылатын кір шүберек сияқты есептеледі.

Аят кәримада былай делінген:

«Сондай намаз оқығансып жүргендерге нендей өкініш! Намаздарынан бейқам жүреді, тек көрер көзге оқыған болып көрінгілері келеді. Ондайлар титтейін қол ұшын беруді де аяйды». (Мағун сүресі, 4-7 аяттар)

Мүфәссирлер (тәпсіршілер) намазға бейқам болуға қатысты үш мәселе қозғайды:

  • 1. Намаздың уақытынан ғапыл қалып, оны қазаға жіберу.
  • 2. Намазға көңіл аудармай, денесімен намазда болғанымен, рухымен (ойымен) намаздың сыртында
  • болуы.
  • 3. Намаздың фиқһи үкімдерін және қағидаларын толық орындамай, шала-пұла намаз оқу.

Хазіреті Мәулана бір сөзінде «иман әдептен тұрады» деген. Ең күшті әдеп – Аллаға деген құрмет көрсету. Мұның да ең көркем көрінісі – ғибадатта, әсіресе намазда көрініс табуы қажет.

Намаздың мазмұнынан, әдеп және шарттарының қандай да біреуінен ғапыл қалу – шайтанның, пенденің намазынан жұлып алған нәрсесі деп саналады. Құлдың намазда ғапыл болуы шайтанның жағаласуына, азғыруына мұрсат береді. Алайда, шайтан әлсіреткен намаз, намаз ретінде қабылдануы екі талай.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Талай намаз оқитындар бар, бірақ олардың намаздан көрген несібелері әуре-шаршаннан басқа еш нәрсе емес». 

«Намазын жоғалтқан күйде Аллаға қауышқан кісінің істеген басқа жақсылықтарына Алла Тағала мән бермейді». 

Бұған қосымша намаздың шарттарын дұрыс орындамай, кемітіп орындауды Алла елшісі (с.а.у.) «ұрлық» деп ескерткен. Ол (с.а.у.) былай дейді: «Адамдар арасындағы ең жаман ұры – өз намазынан ұрлаған адам» дейді1. 

1. Хадистің жалғасында: «Сахабалар: «Уа, Расулулла! Намазынан қалай ұрлайды?» деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Намаздың рүкуғын және сәждесін толық орындамайды» - деп жауап береді.» (Ахмед, мүснәд). 

материал «Ислам.Иман.Ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: