Жатын бөлмеде намаз оқуға болады. Оның еш ағаттығы жоқ.
Хадис кітаптарында орын алған бір риуаятта Айша анамыздың (р.а.) былай дегендігі айтылады:
««Мен Пайғамбарымыздың жанында ұйықтап жатқан едім. Түннің бір уағында қарасам, Ол (с.а.у) жоқ. Сипалап қарасам қолым екі аяғына тиді. Сөйтсем, сәжде жасап жатыр екен...»[1].
Осы хадистен Алла елшісінің ұйықтайтын жерде намаз оқығандығын байқауға болады.
Тек, бөлмеде тірі жанның суреті ілініп тұрмағандығына мән берген жөн. Өйткені, сурет ілініп тұрған бөлмеде намаз оқу (алдында, екі жанында яки төбесінде) мәкруһ.
[1] Даруқутни - №457 хадис
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz