Әтір немесе одеколон дәретті бұзбайды. Намазға да кедергісі жоқ.
Оның құрамындағы «спирт» нәжіс болып саналмайтындықтан, Ханафи мәзхабы бойынша, сыртқы қолданысқа қолдануға рұқсат. Бұл жайында XIX-XX ғасырларда өмір сүрген ғұлама Мұхаммед Зәһид әл-Кәусәри (1879-1951 ж.) былай деген:
«Тоқ етерін айтқанда, «спирт» Әбу Ханифа (р.а.) бойынша «нәжіс» емес. Имам Ағзамның осы сөзі көп жерде тығырықтан шығарады. Спирттің әтірге қосылып, киімге тиюының ешқандай зияны жоқ»[1].
[1] Мұхаммед Зәһид әл-Кәусәридің Мысыр еліндегі туысына жазған хатынан. (Проф. Доктор Hayrettin Karaman)
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz