02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Намазды үйренгенше қолға кітап ұстап оқыса бола ма?

Намазды үйренгенше қолға кітап ұстап оқыса бола ма?

Намаз

Имам Ағзам Әбу Ханифа (Алла рахымына бөлесін) намазда сүрелерді қолына Құран кітабын ұстап оқыса бұзылады деген1.

Өйткені, бұл, біршетінен – намаз оқып тұрып, біреуден үйреніп тұрған секілді, екіншіден  – Құранды қолға ұстау және парақтарын ауыстырып тұру «көп қимылды» керек етеді, ал көп қимыл намазды бұзады2. Дейтұрғанмен, Имам Ағзамның екі шәкірті намазда сүрелерді Құран кітабынан ұстап оқыса болады деген.

Қорыта айтқанда, Ханафи мәзхабында намазды кітаптан оқуға болмайды, намазы саналмайды. Бірақ, «уақтылы намазды» оқымай тұрып, кітапқа қарап нәпіл намаздар оқып жаттықса болады. Ал, уақтылы намазды оқитын кезде үйренгені бойынша және білгенінше кітаптан қарамай өздігінше оқығаны абзал. Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

 

1  Құранды қолына ұстамаса және қари болса, ол кезде құранға қарап оқи алады Имам Ағзам бойынша.
2  Бәдруддин әл-Ъайни: «әл-Биная», Намаз.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: