21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Бес уақыт намаз оқымасам да, тәһәжжуд намазын оқысам бола ма?»

«Бес уақыт намаз оқымасам да, тәһәжжуд намазын оқысам бола ма?»

Намаз

«Тәһәжжуд» намазын болса да оқимын деген талпынысыңыз қуантарлық жағдай.

Тәһәжжуд намазы, сіз үшін бес уақыт намазды бастауға алғашқы қадам болар деген үміттеміз. Дегенмен «тәһәжжуд» намазы дұрыс саналу үшін мына екі шартын ескергеніңіз абзал:

  • 1) Бір ұйықтап тұруыңыз керек. Түн ортасында ұйқыдан оянып, дәрет алып оқисыз.
  • 2) Құптан намазын оқыған болу керек. Түнде тұрғаннан кейін алдымен ең аз дегенде құптанның төрт рәкәғаттық парызын оқыңыз да, одан кейін екі рәкәғаттық «тәһәжжуд» намазына тұрсаңыз болады. Сонда ол тәһәжжуд намазы болып саналады.

Тәһәжжуд намазының сауабы орасан зор. Нәпіл намаздардың арасындағы ең ұлығы – тәһәжжуд намазы делінген.  

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: