Меню

07
Дүйсенбі,
Сәуір
9
Шәууәл
1446 һижри

Ғұсыл жоқ кезде ғұсыл құйынбай бала емізе беруге бола ма?

Ғұсыл жоқ кезде ғұсыл құйынбай бала емізе беруге бола ма?

Намаз

Әйелдің ғұсылы жоқ кезде баласын емізуі күнә емес және одан баласына да ешқандай зиян келмейді.

Әйел адам хайыз* кезінде болсын, нифас** кезінде болсын, яки, жүніп*** халінде болсын баласын "бисмиллә" деп емізе беруіне болады. Мұндай жағдайларда баласын емізу үшін алдымен ғұсыл құйынуы керек деген шариғи бұйрық жоқ.  

 

* Хайыз – етеккір.
** Нифас – босанғаннан кейін келетін қан.
***Жүніп – ерлі-зайыптылардың қатынасқа түскеннен кейінгі немесе ләззатпен шәуәт бөлінгеннен кейінгі туындаған ғұсылсыздық күй. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: