21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Тәубе намазы» қалай оқылады?

«Тәубе намазы» қалай оқылады?

Намаз

Мұсылман адамның күнә істеп қойған жағдайда тәубе намазын оқып, Алладан кешірім сұрауы міндет.

Құранның бірнеше аятында: «Ей, иман келтіргендер! Аллаға шын ниетпен тәубе қылыңдар» деп бұйырады. Мысалы, зәру себепсіз намазын қаза етіп қойса, ғайбат айтып қойса, боқтап қойса т.б. Сол сияқты күнә істеп қойған мұсылман тәубе намазын оқып, Алладан кешірім тілегені жөн. Ол үшін толық дәрет алып, екі рәкәғат намаз оқиды да артынан Аллаға жетпіс рет истиғфар айтып, күнәсі үшін кешірім тілейді және күнәсінің ауырлығына қарай қосымша садақа бергені де дұрыс. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Су өтты сөндіргендей, садақа да қателіктерді өшіреді» деген.

Тәубе намазының оқылу түріне қатысты Әзіреті Әбу Бәкірден жеткен риуаятта былай делінген: «Әлдебір мұсылман бір күнә істеп қойса, кейін жақсылап дәретін алса және екі рәкәғат оқып, артынан Алладан кешірім тілесе, Алла оның күнәсін сөзсіз кешіреді»2. 

 

2. (Әбу Дәуід: «Сүнән»; Имам Тирмизи: «Сүнән»; Ибн Мәжә: «Сүнән» т.б).

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: