21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Таң намазына көңіл айнасы лас адам тұрмайды»

«Таң намазына көңіл айнасы лас адам тұрмайды»

Намаз

Бір дәруіштен: «Таң намазында неге ауа сондай саф, таза, хош болады?» – деп сұрапты.

Сонда дәруіш:

«Өйткені, таң намазына көңіл айнасы лас ешбір адам тұрмайды», – деп жауап беріпті.

Жәбир былай дейді:

«Пайғамбарымызбен бірге отырған едік, бірден айналаны сасық өлексенің иісі басып кетті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Бұл ненің иісі екенін білесіңдер ме? – деп сұрады да, – Мүмин мұсылмандарды ғайбаттағандардың иісі», – деді.

Ал бүгінде неге мұндай иісті сезбейміз? Өзімізден мүңкігендігі үшін болуы мүмкін бе?

материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: